Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Құлсарыда мал ағаштарды жеп тастады: тұрғындар биліктің әрекетсіздігіне наразы

    Құлсарыда мал ағаштарды жеп тастады: тұрғындар биліктің әрекетсіздігіне наразы

    Фото: видеодан скрин

    Атырау облысының Құлсары қаласында малды заңсыз жерге жайғандар экологиялық мәселе туғызды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Тұрғындардың айтуынша, бос жүрген малдар қала аумағындағы ағаштарды түгелдей жеп, жасыл желекті жойып жіберген. Әсіресе жаңа отырғызылған талдар мен бұталар тапталып, кейбірі сынған. Қалалық әкімдік пен экологиялық бөлім бұл жағдайды бақылаусыз қалдырды деп ашынған жұрт наразылық білдіріп отыр.

    «Мамандар қайда қарап отыр? Кеше ғана егілген ағаштардың орнында енді түк қалмады», – дейді тұрғындардың бірі.

    Ал жергілікті билік өкілдері мал иелерін анықтау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

    Дегенмен, жұрт биліктің мұндай уәдесіне сенуден қалғанын ашық айтып отыр. Себебі бұған дейін де бірнеше рет осындай жағдай қайталанғанымен, нақты шара қолданылмаған. Экологтар мұндай немқұрайлық қала экожүйесіне үлкен зиян тигізетінін ескертеді. Ал тұрғындар болса, Құлсарының жасыл келбетін сақтау үшін нақты жауапкершілік пен бақылау орнатуды талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →