Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді •

    Трамп өкілдері минералды байлығымызды өндіруге қол жеткізу үшін Қазақстанға келмек — саясаттанушы

    Трамп өкілдері  минералды байлығымызды өндіруге қол жеткізу үшін Қазақстанға  келмек — саясаттанушы

    Фото: Andrew Harnik / Getty Images

    Жуырда АҚШ—тан Трамптың арнайы өкілі Қазақстанға келеді. Ірі державадан саяси тұлғалардың Орта Азия, соның ішінде Қазақстанға келуі, ел Президентімен жолығуының салмағы тереңде. Құпия келісімдер де, ашық келіссөздер де жүргізіледі деп болжайды саясаттанушылар. Трамп өкілінің елге келуінен Қазақстанға қандай пайда, нендей мүмкіндіктерге жол ашылмақ? Qazaq Today тілшісі сарапшы пікірін тыңдап көрді.

    «Арнайы өкілдің бұл сапарының негізгі бірнеше себебі бар.

    Біріншіден, қарашаның алғашқы екі аптасында АҚШ-та өтетін С5+1 саммитінің басты тақырыптарын талқылау.
    Екіншіден, экономикалық тұрғыда —қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы сирек кездесетін минералдарға деген қызығушылығын талқылау. АҚШ үшін басты басымдық сирек кездесетін элементтерді өндіру мен өңдеу саласында Қытайға тәуелділікті азайту», — деді саясаттанушы Қуат Домбай.

    Ал Қазақстан бұл салада айтарлықтай ірі қоры бар елдердің бірі болғандықтан, америкалық тараптың бірлескен жобаларға қатысуға елеулі қызығушылық танытуы әбден мүмкін. Бұл күн тәртібіндегі негізгі екі мәселенің бірі саналады.

    «Үшіншіден, жалпы Ақ үйдің Орталық Азияға қатысты жаңа саяси ұстанымдарын айқындау. Бұл аймақта қалыптасып келе жатқан жаңа геосаяси тепе-теңдікке, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Ресеймен, Қытаймен және Батыс әлемімен қарым-қатынасының болашағына қатысты ортақ көзқарас қалыптастыру.
    Америка Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық және саяси тұрғыда дербес, өз бағытын айқындай алатын аймақтық бірлікке айналуын қолдайды. Бұл бағыт жалпы біздің ұлттық мүддемізге сай келеді.
    Сондықтан, арнайы өкілдің сапары барысында осы үш негізгі бағыт саяси, экономикалық және өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланғаны анық деп ойлаймын», — деді Азия елдерін зерттеу орталығының директоры.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →