Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын растады

    Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда «Қазақтелеком» АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалдының ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғанын хабарлады.

    «Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр» деп жазылған агенттік хабарламасында. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы «Kaspi.kz» АҚ негізгі акционерлерінің бірі болған (30%), Alatau Capital Invest арқылы «Қазақтелекомда» үлесі бар. Әр жылдары мемлекеттік қызметте істеген. 2000 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, «KazakhOil» компаниясының вице-президенті, «Қазақстан темір жолы» компаниясының бірінші вице-президенті болған. 2010-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясында хатшы болды. Forbes журналы оны 2018 жылы Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына жатқызған. Журнал сол жылы оның байлығын 163 млн долларға бағалаған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →