Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады «2016 жылы ауыр сынақтан өттім»: Айнұр Тұрсынбаева ағынан жарылды Адам шығыны бар: Қостанайда үш көлік соқтығысты Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады «2016 жылы ауыр сынақтан өттім»: Айнұр Тұрсынбаева ағынан жарылды Адам шығыны бар: Қостанайда үш көлік соқтығысты

    Семейде су құбыры орнатылғаннан кейін жол опырылып, көліктер өте алмай қалды

    Семейде су құбыры орнатылғаннан кейін жол опырылып, көліктер өте алмай қалды

    Фото: видеодан скрин

    Семейдің Щорс көшесіндегі тұрғындар жаңа қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бірнеше апта бұрын мұнда орталық су құбыры тартылып, жол қайта көмілген еді. Алайда тұрғындардың айтуынша, мердігер ұйым жұмысты сапасыз атқарып, топырақты «шала көміп кеткен». Енді көшенің бір бөлігі опырылып, батпаққа айналған. Бейнежазбаларда көліктердің балшыққа батып, шыға алмай жатқан сәттері көрінеді. Жер қыртысы қақ жарылып, жолдың кей тұсында ірі жарықтар пайда болған.

    «Құбырды жүргізді, сосын қалай болса, солай көміп кетті. Қазір жер отырды, көлікпен жүру мүмкін емес», – дейді жергілікті тұрғындар.

    Интернеттегі пікірлерде де жұрт ашулы. «Бұл қалыпты жағдай» деп ақталушылар да табылды.

    Алайда тұрғындар әкімдік пен мердігерден нақты жауап талап етуде. Енді қала билігі мен жауапты компания бұл жолды қалпына келтіру жұмыстарын қолға ала ма – уақыт көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →