Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Елімізде смартфондар жаппай бұғаттала бастады

    Елімізде смартфондар жаппай бұғаттала бастады

    Фото: Pixabay

    Верификациядан өтпеген смартфондар кезең-кезеңімен бұғатталып жатыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұғаттау IMEI-коды тіркелмеген құрылғыларға қатысты жүргізіледі, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қазір «сұр» тізімде 886 мыңнан астам, ал «қара» тізімде 127 мыңнан аса IMEI-код бар. Осы қара тізімге енген смартфондар біртіндеп бұғатталып жатыр.

    Ал верификациядан өткен құрылғылар «ақ» тізімге енгізіледі. Министрлік «сұр» құрылғыларды тіркеу ісін жеке компаниялар атқаратынын хабарлады. Олар халықаралық GSM қауымдастығы базасымен жұмыс істеуге міндетті. Қазіргі таңда 2 компания ресми расталған, олардың бірі барлық талаптарға сай келеді.

    Бұл жүйенің басты мақсаты – «сұр» импортты азайтып, ресми нарықты қорғау.

    Ведомствоның мәліметінше, жаңа ереже енгізілгеннен кейін «ақ» импорт көлемі 20-40 пайызға артқан.

    2025 жылдың 25 мамырынан бастап әр телефонды тіркеу үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (3 932 теңге) төленеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →