Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Бұдан былай педофилдер бостандыққа шықса да жазаланады

    Бұдан былай педофилдер бостандыққа шықса да жазаланады

    Елімізде педофилия үшін сотталғандарға қатысты мәжбүрлі медициналық шараларды қолдану тәртібіне ерекше өзгеріс енгізіліп жатыр.

    Жаңа түзетулер көп ұзамай өз күшіне енеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Осылайша, алдағы уақытта педофилдерге химиялық кастрация бостандыққа шығар алдында жасалмақ. Бұл болашақтағы қылмыстың алдын алу үшін жасалып отыр.

     

    – Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады.Мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жібереді.

     

    Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды, – делінген Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында.

     

    Бұйрық ресми жарияланған күннен соң 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енетін болады.


    Telegram

    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
    Ең соңғы жаңалықтар осында

    Жазылу

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →