Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Германия президентін құттықтады

    Тоқаев Германия президентін құттықтады

    Фото: akorda.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.  

    Мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады.

    Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →