Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды •

    Қызылорда тұрғындары жертөледегі сасық иіске тұншығып отыр: «Орда сервис» неге сезбейді?

    Қызылорда тұрғындары жертөледегі сасық иіске тұншығып отыр: «Орда сервис» неге сезбейді?

    Фото: видеодан скрин

    Қызылорда қаласының Ақмешіт шағынауданындағы 28-үй тұрғындары бірнеше күннен бері жертөледегі су мен сасық иістен зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, жертөле толып, жағымсыз иіс пәтерлерге дейін тарап кеткен. Халық 109-ға хабарласқанымен, «КСК-ға ескертілді» дегеннен басқа нәтиже жоқ. Ал тексеруге келетін бірде-бір жауапты маман көрінбеген. КСК «Орда Сервис» мекемесі болса, мүлде қимылсыз отыр.

    «Ай сайын ақша төлейміз. Бірақ бір шара қолданбайды. Жауапты адам қайда? Бұл мәселені кім шешеді?» – дейді тұрғындар.

    Әлеуметтік желідегі пікірлерде де «Орда сервис» жұмысына көңілі толмайтындар көбейген.

    «Мүлде жұмыс істемейді, бұларды қадағалайтын ешкім жоқ» деген шағымдар жиілеп кетті. Жағдайды бақылауға алуға тиіс мекеме халықтың ашуын тудыруда. Әкімдік пен тиісті органдардың әрекетсіздігі салдарынан қарапайым тұрғындар антисанитария мен қауіптің ортасында өмір сүруге мәжбүр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →