Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Атыраудағы сауда орталығы халықты алдап отыр (ВИДЕО)

    Атыраудағы сауда орталығы халықты алдап отыр (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Атыраудағы «Байзар» сауда орталығында үлкен дау шықты. Себебі сатылып жатқан тауарлардың басым бөлігінде баға көрсетілмегені белгілі болды. Бұл – жай ғана салақтық емес, тұтынушы құқығын тікелей аяққа таптау, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қазақстан заңнамасына сәйкес, әрбір дүкен мен сауда нүктесі тауардың бағасын ашық көрсетуге міндетті. Бұл – қарапайым қағида: сатып алушы тауардың нақты құнын көріп, шешім қабылдауы тиіс. Ал «Байзардағы» жағдай керісінше: баға жасырылған, ал сатушының қалағанынша ойнауына жол ашылып тұр. Біреуге бір баға, екіншісіне басқа баға қою – тұтынушыны алдаудың айқын көрінісі емес пе?!

    Мұндай әрекет қоғамда үлкен әділетсіздік пен сенімсіздік туғызады. Халық әлеуметтік желіде ашуға булығып, «бұл халықты алдау, заңды таптау» деп жарыса жазуда. Кейбірі «тәртіпті осылай орнату керек» десе, енді біреулері «неге айқайлайсың, мәдениетті сөйлеші» деп пікір қалдырған. Бірақ негізгі мәселе – бағаның жоқтығы. Бұл тек заң бұзу емес, әділетке қарсы жасалған сорақылық.

    Ең сорақысы, баға болмаған жерде сатушы тұтынушыны таңдау еркіндігінен айырады. Салыстыруға, есептеуге мүмкіндік жоқ. Демек, халықтың қалтасы тағы да әділетсіздікке түсіп отыр.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Qazaq.Today ақпарат агенттігі (@qazaqtoday_)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →