Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда

    Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты

    Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қаланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

    Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғаяды. Бас жоспардағы ерекше нысанның бірі – Қопа көлінің жағасында бой көтеретін заманауи іскерлік орталық. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.

    Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа құрылыс алаңдары және реновация бағдарламасы аясында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілмек.

    Президентке Көкшетау қаласында табысты іске асырылып жатқан бес жылдық реновация бағдарламасы жөнінде мәлімет берілді.

    Жобаның мақсаты – апатты үйлердің тұрғындарын заманауи, жайлы әрі қуат үнемдейтін пәтерлерге көшіру, сондай-ақ инженерлік желілерді, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді түрде жаңғырту. Аталған бағдарламаның операторы – Kokshe әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы.

    Қазіргі уақытта 13 ескі үй бұзылып, орнына 2 тоғыз қабатты және 4 бес қабатты көппәтерлі үй салынды. Жаңа баспанаға 365 отбасы қоныстанды.

    2029 жылға дейін 175 ескі үйді бұзу жоспарланып отыр. Оның орнына 3500 пәтерге есептелген 35 заманауи тұрғын үй бой көтереді. Нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жаңа қонысқа көшеді.

    Мемлекет басшысы жаңа стадионды кемінде 10 мың көрерменге лайықтап салу жөнінде тапсырма берді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →