Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Қазатомөнеркәсіп» құрамындағы кәсіпорын басшылығы 86 млн теңге жымқырғаны анықталды

    «Қазатомөнеркәсіп» құрамындағы кәсіпорын басшылығы 86 млн теңге жымқырғаны анықталды
    Фото: ҚМА/Видеодан скрин

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымындағы негізгі кәсіпорын – геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылауға жауапты «Волковгеология» АҚ-ның бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Д.Н. Молдаши екі жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жалған актілер рәсімделетін схеманы ұйымдастырған.

    Аталған құжаттарда «Казбурмаш СК» ЖШС-нен жеткізілмеген қосалқы бөлшектер қабылданғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген.

    «Осы жалған актілер негізінде контрагентке 86 млн теңгеден астам сома аударылған. Кейін бұл қаражат заңсыз иемделген.

    Тергеу барысында күдіктілер келтірілген материалдық шығынды толық өтеді.

    Қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін осы іс аясында «Волковгеология» АҚ филиалының директоры А.М. Борашев, сондай-ақ «Казбурмаш СК» ЖШС басшысы Е.С. Алипбаев пен бухгалтер Г.Ж. Токатаева 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған болатын», – делінген ведомство хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →