Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Астанада жаңа әуежай салынады: Президент Жолдауында көлік хабын нығайту міндеттерін атады • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Астанада жаңа әуежай салынады: Президент Жолдауында көлік хабын нығайту міндеттерін атады •

    «Екінші рет күйеуге тиген»: Өз қызын өзі ұзатқан Наркенже Серікбаева халық алдында ақталды (ВИДЕО)

    «Екінші рет күйеуге тиген»: Өз қызын өзі ұзатқан Наркенже Серікбаева халық алдында ақталды (ВИДЕО)

    Фото: narkenjeserikbaeva инстаграм

    Жақында ғана қызын ұзатқан Наркенже Серікбаева өзіне айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Желі қолданушылары бұрын тұрмыста болған қызын ұзатқан Наркенженің әрекетін сынға алған.

    «Ажырасқан қызын қайта ұзатуға қазақ ұялмайтын болды ғой», «Бұлар да ырбыңдап салтты бұзып, екінші рет ұзатылмайды», «Қазағым, екінші рет ұзатпайды. Тек орамал ауыстыру керек», «Байға тиген сайын ұзататын салт қазақта жоқ қой», деп жазды олар. 

    Ал әнші Наркенже Серікбаева қызын дәл осылай ұзатуды арман еткенін айтты.

    «Кешелі бері біздің үйдің қуанышы, бүкіл әлеуметтік желіп желіні жаулап, жақсылы жаманды пікірлер жауып жатыр. Өсекке емес, өсиетке терең болған елміз ғой, қашанда жақсы ойда, жақсы ниетте, жақсы тілекте болайық! Жанымның саясы болған Жансая қызым, Шырайлы Шымкенттен, Жазиралы Жаркентке ұзатылды. Қимастықпен шығарып салдық. Толқыдық, жыладық, қуандық… Жаныңның бөлшегін қапияда, жат ұяға қиып беру әрине оңай емес. Дегенмен жастар бір-бірін ұнатып, білек ұстасқан соң батамызды бердік. Қызымды дәл осылай ұзатамын деп армандадым, ниет еттім. Мен ұзатқан қыздар қайтып келмеген», — деді дәстүрлі әнші. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →