Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов шаңырақ көтерді

    «Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов шаңырақ көтеріп, той жасап жатыр. Қуанышты жаңалықты топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде жариялады.

    «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов шаңырақ көтерді

    Сурет: instagram.com/baglan_abdraimov_official

    «Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов үйленіп, дүркіретіп той жасап жатыр. Бұл қуанышты жаңалықты топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол тойдан бейнежазба бөлісіп, «Бүгін жігіттерде той» деген қысқаша жазба қалдырған. Кадрларда Мырзахан Маханов пен қалыңдығының бақытты сәттері бейнеленген.

    Әншінің қуанышы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандардың бір бөлігі жас жұбайларға ақ тілегін арнап, қалыңдықтың көркіне тамсанса, енді бірі әншінің бойдақ екенін білмей қалғандарын айтып, әзіл-шыны аралас пікірлерін жаудырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →