Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Астанада эпилепсиясы бар жүргізуші 2 адамды қағып кеткен

    Астанада эпилепсиясы бар жүргізуші 2 адамды қағып кеткен

    Фото: Pixabay

    Бұл ақпаратты қалалық прокуратура таратты. Елорда прокуратурасы медициналық шектеулері бар тұлғалардың көлік жүргізу фактілерін анықтады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Эпилепсия G40» диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған. Жүргізуші көлік тізгіндеп, рөлде отырған кезде денесі құрысып, 2 жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Аталған тұлғаның 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталды. Ол ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

    Қазіргі таңда қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды.

    «Жол жүрісі туралы» Заңының 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығын тоқтатуға заңды негіз болып табылады.

    Қала прокуратурасы жол бойында денсаулығына қауіп төндіретін адамдарды жүргізуші куәлігінен айыру бойынша жұмысты жалғастырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →