Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр •

    Оралда мас жүргізуші бөтен көлікті заңсыз айдап кеткен

    Оралда мас жүргізуші бөтен көлікті заңсыз айдап кеткен
    Фото: istockphoto.com

    Орал қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылған мас азамат бөтен көлікті заңсыз айдап кеткен. Ол полицейлердің жедел әрекетінің арқасында ұсталды.

    Күдікті супермаркет маңынан табылды

    Оқиға 7 тамыз күні сағат 08:00 бен 16:00 аралығында болған. Белгісіз тұлға қаладағы ғимараттардың бірінің алдында тұрған Volkswagen Golf автокөлігін айдап кеткен.

    Полицияға дереу хабарлама түскеннен кейін, жедел басқару орталығының үйлесімді жұмысы нәтижесінде күдікті азамат С.Датұлы көшесіне қарама-қарсы орналасқан «Арман» супермаркетінің маңынан анықталып, «Автоураган» жедел тобының көмегімен қолға түсті.

    Мас күйде рөлге отырған

    Тексеру кезінде 1995 жылы туған азаматтың бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны және оқиға кезінде мас күйде болғаны белгілі болды. Бұған қоса, ол өзге адамға тиесілі көлік құралын заңсыз иемденген.

    Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал көлік заңды иесіне қайтарылды.

    Қылмыстық іс қозғалды

    Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің мына баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды:

    • 200-бабының 1-бөлігі – «Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену»;
    • 346-бабы – «Көлік басқару құқығынан айырылған, мас күйдегі адамның көлік басқаруы».

    Айта кетейік, мас күйде көлік жүргізу және өзгенің көлігін заңсыз иемдену – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқықбұзушылық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →