Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр •

    Путинмен кездесу 15 тамыз күні Аляскада өтеді – Трамп

    Путинмен кездесу 15 тамыз күні Аляскада өтеді – Трамп

    Фото: inform.kz

    — Менің Ресей президенті Владимир Путинмен көптен күткен кездесуім алдағы жұмада, 15 тамыз күні ұлы штат – Аляскада өтеді. Оның мән-жайы туралы әлі жазамын. Назар аударғандарыңызға рахмет!, — деп жазды Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Осыған дейін Трамп кездесудің өте танымал жерде өтетінін жариялаған болатын. БАҚ өкілдері, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Мажарстан, Швейцария сияқты жерлерді атады. Путин болса, Біріккен Араб Әмірліктері ыңғайлы екенін айтты.

    Бұл АҚШ президентінің Ақ үйге оралғанынан кейінгі Трамп пен Путиннің алғашқы жеке кездесуі болмақ. АҚШ Владимир Путинді тұтқынға алу туралы ордер берген Халықаралық соттың заңын мойындамайды.

    Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кездесу туралы ақпаратты растады.

    Ресей мен АҚШ жақын көршілер, сол себепті Путин мен Трамп кездесуінің Аляскада өтуі ақылға қонымды, деді Ушаков.

    Мәскеу Аляскадан кейінгі Путин мен Трамптың кездесуі Ресейде өтеді деген үмітте. АҚШ президентіне шақырту жіберілді, деп қосты Ушаков.

    Осыған дейін БҰҰ Трамп пен Путиннің саммитін өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →