Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Дональд Трамп Си Цзиньпиннен шақырту алғанын айтты

    Дональд Трамп Си Цзиньпиннен шақырту алғанын айтты

     Фото: Evan Vucci

    АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу туралы тараған ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, Қытайдан ресми шақырту алғанын, алайда кездесуді өзі бастама етіп ұсынбағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy cайтына сілтеме жасап. 

     «Жалған ақпарат тарататын медиалар менің Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен саммит өткізуді көздеп жүргенімді айтып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Мен ештеңе іздеген жоқпын», – деп жазды ол Truth Social желісіндегі парақшасында.

    Ол сондай-ақ Қытайға шақырмаса бармайтынын атап өткен.

    «Мен Қытайға тек Си Цзиньпин жолдаған ресми шақыру арқылы барамын. Бұл шақырту маған келді. Басқа жағдайда мен бұл сапарға қызығушылық танытпаймын», – деп қосты ол.

    Осыған дейін Трамп пен Путин Қытайда кездесуі мүмкін екені жайлы айтқан едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →