Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды

    Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды

    Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды

    Фото: Kazinform

    Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасау ісі бойынша сот процесі басталды.

    Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Басты айыпталушы — Ернар Жиенбай, ол бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ін басқарған.

    Істі судья Әбінұр Қарабаев қарап жатыр. Сот процесі ашық форматта, мемлекеттік тілде өтіп жатыр. Дегенмен, айыпталушыны бейнежазбаға түсіруге тыйым салынды.

    Айыптар қандай?

    Ернар Жиенбайға ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған:

    • 24-бап, 3-бөлікҚылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу

    • 99-бап, 1-бөлікАдам өлтіру

    Не болды?

    21 сәуір күні Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Бұл оқиға оның қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанына екі ай ғана болған тұста орын алған.

    Шабуыл салдарынан Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Ал 25 сәуірде күдіктінің әкесі мәлімдеме жасап, істің кейбір тұстарын қоғамға жария еткен болатын.

    Берденов туралы

    Руслан Берденов бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Ол 2024 жылдың ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →