Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды

    Қаза тапқандар бар: Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ірі жол апатына ұшырады

    Қаза тапқандар бар: Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ірі жол апатына ұшырады
    Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94

    Таңертең UFC ұйымының танымал спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына ұшырады.

    Апат салдарынан көліктегі жолаушылар қаза тапты.

    Жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған.

    HALYQSTAN тілшісінің мәліметінше, Гүлайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бағыт алған. Ол тізгіндеген Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылының маңында аударылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

    Апат салдарынан 39 жастағы жолаушы З.А. оқиға орнында көз жұмды. Ал 35 жастағы тағы бір жолаушы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына барар жолда қайтыс болды.

    Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр.

    «Ота қажет емес. Динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді дәрігерлер.

    Полиция бұл оқиға бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →