Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді •

    Перизат Қайрат ісі: тағы бір құрылыс компаниясы қорға 200 млн теңге аударған

    Перизат Қайрат ісі: тағы бір құрылыс компаниясы қорға 200 млн теңге аударған

    Фото: видеодан скрин

    Елордада Biz birgemiz қорының жетекшісі болған Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысы үшінші күнге жалғасты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бүгінгі сот отырысы куәгерлерден жауап алудан басталды. Сотта «Стройконструкция» АҚ-ның өкілі, заңгер Галина Исаева жауап берді. Оның айтуынша, компания 2024 жылғы су тасқыны кезінде Перизат Қайраттың қорына 200 миллион теңге аударған.

    Куәгердің мәлімдеуінше, құрылыс компаниясы Biz birgemiz қорымен байланысқа шыққан. Сондай-ақ компания басшылығы қайырымдылық ұйымы туралы әлеуметтік желілердегі бейнероликтер мен жарнама және ашық ақпарат көздерінен білген.

    2024 жылғы 2 мамырда су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету туралы шешім қабылданған. Ал 10 мамырда компания Перизат Қайрат қорының шотына 200 миллион теңге аударған. Қордың реквизиті жарнамадағы бейнероликтен алынған.

    Одан бөлек Галина Исаева интернетке орналастырылған материалдар компания басшылығының шешіміне әсер еткенін айтты.

    — Неліктен мен жарнаманы басшыма апардым? Онда Перизат Қайраттың «несиені тоқтатыңдар» деген сияқты өтініші болған. Бұл бізге әсер қалдырды. Себебі, адамдар расымен қиын жағдайда еді, — деді ол сотта.

    Оның айтуынша, қорға ірі компаниялар мен банктердің қомақты қаржы аударуы аталған ұйымға деген сенімді арттырған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →