Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Алматыдағы жол апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

    Алматыдағы жол апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
    Фото: zakon.kz

    Кеше Алматыда болған жол апатынан 23 адам жарақат алған еді. Көпшілігі – автобус жолаушылары. Зардап шеккендердің төртеуі – жеткіншек, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар балалар ауруханасына жеткізілген. 7 адам №7 клиникалық ауруханаға жеткізілген. Медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек көрсетілген соң олардың бәрі амбулаториялық ем алуға үйіне қайтарылды.

    Сонымен қатар Алматы облысына қарасты көпсалалы клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген 12 зардап шегуші де тиісті ем шарадан соң үйлеріне жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық.

    Айта кетейік, кеше Бұрындай тасжолында автокран жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолаушылар автобусы мен бірнеше жеңіл автокөлікке соғылған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

    – Егер сот сараптамасы ауыр немесе орта дәрежедегі дене жарақаттарын анықтаса, онда қылмыстық іс қозғалады. Егер дене жарақаттары жеңіл болып табылса, бұл іс әкімшілік заңнама тұрғысында қарастырылады, – деп мәлімдеді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →