Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Жайыққа бір ауылдың екі баласы батып кетті

    Жайыққа бір ауылдың екі баласы батып кетті

    Атырау облысындағы Махамбет ауданында бір ауылда тұратын 2 жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Олар су айдынының рұқсат етілмеген тұсына шомылған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы растаған ақпаратқа қарағанда, қайғылы оқиға 7 шілдеде сағат 21:00 шамасында болған.

    — Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында суға батқан жасөспірімдерді іздеу 7 шілдеде сағат 23:12–де басталды. Іздеу жұмысына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен жедел-құтқару жасағы мен полиция департаментінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар тартылды, — деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

    Суға батқан жасөспірімдер 2011 жылы туған. Оның бірі кеше, 8 шілдеде түсқайта оқиға орнынан 35 шақырым қашықтан табылған. Ал, екіншінің сүйегі кешкі мезгілде Жайық өзенінен шығарылған.

    — Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмаған жөн, — мәлім етті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →