Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді •

    Танымал боксшының мәйіті қонақ үйден табылды

    Танымал боксшының мәйіті қонақ үйден табылды

    АҚШ-та мексикалық боксшы Педро Антонио Родригес 37 жасында жекпе-жектен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Marca басылымына сілтеме жасап. 

    Родригестің соңғы жекпе-жегі 5 шілде күні Аризона штатында өтті. Ол америкалық спортшы Филипп Велламен қолғап түйістіріп, алты раундқа созылған жекпе-жекте жеңіліп қалды. Кейін оның денесі қонақүй бөлмесінен табылған.

    Басылым мәліметінше, сол кеште Родригес басқа спортшылармен кешкі асқа баруға уағдаласқан, бірақ қонақүйдің лоббиіне түспеген. Оның жоғалғаны келесі күні белгілі болған – боксшыларды әуежайға жеткізу үшін келген автобусқа ол шықпаған.

    Қазіргі уақытта спортшының өліміне қатысты ресми мәлімет жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

    Айта кетейік, соңғы уақытта Родригестің спорттық мансабында сәтсіздік жиі кездескен. Ол соңғы жеті жекпе-жекте жеңіліске ұшырап, ең соңғысы 21 жастағы америкалық Филипп Веллаға қарсы болған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →