Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді •

    Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды

    Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды
    Фото: t.me/astanovka_98

    Астана мектептерінің бірінде сырт киім ілетін жерде оқушылар арасында кептеліс болған. Оқиғадан кейін білім ошағының директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Әлеуметтік желіде тараған видеодан оқушылардың киім ілетін жерде бір-бірін итеріп, тығыз жиналып қалғанын көруге болады.

    Астана қаласының Білім басқар

    масы жағдайға сабақ кестесін ұйымдастырудағы сәйкессіздік себеп болғанын мәлімдеді.

    «Мектепте екінші ауысымның сабақ кестесін ұйымдастыруда сәйкессіздік болып, соған байланысты жеті сыныптың оқушылары сабақ аяқталғаннан кейін бір уақытта шыққан. Нәтижесінде сырт киім ілетін аймақта оқушылар қысқа мерзімді кептелісте тұрып қалды», – деп хабарлады ведомство.

    Әлеуметтік желіде кейбір оқушылардың жарақат алғаны және есінен танып құлағаны туралы ақпарат та тараған.

    Алайда білім басқармасы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру нәтижесінде оқушының есінен танып қалғаны туралы мәлімет расталмағанын айтты.

    Оқиғадан кейін мектептегі сырт киім ілетін аймақта қызметкерлердің кезекшілігі күшейтіліп, оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданған.

    Сонымен қатар болған жағдайға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →