Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Бір шумақ өлең жаттай алмаған бала, әскерден қашпағанда не істейді? – Зайытов

    Бір шумақ өлең жаттай алмаған бала, әскерден қашпағанда не істейді? – Зайытов

    Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Парламент каникулынан кейін бірінші болып көтеретін мәселесін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оның айтуынша, қазіргі таңда қорғаныс саласындағы патриоттық рух өте әлсіз.

    «Әскердегі болып жатқан жағдай өте нашар. Ешқандай жұмыс атқарылмаған. Бұл – жүйелі проблема», – деді депутат кулуардағы пікірінде.

    Ол бұл мәселе бойынша партиялармен ақылдасып, бірқатар ұсыныстар енгізетінін жеткізді.

    Депутаттың пікірінше, Қорғаныс министрлігі сарбаздарды шабуылды қайтару, техника жүргізу және әскери машықтарға үйретуі тиіс. Ал патриоттық сезімді бала бойында қалыптастыру – бұл:

    • Оқу-ағарту министрлігі,
    • Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей міндеті екенін атап өтті.

    «»Отан деген не?» деген бір шумақ тақпақ жаттамаған бала әскерден қашпағанда не істейді?!» – дейді Ринат Зайыт.

    Депутат жастардың санасын қалыптастыруда әлеуметтік желілердің теріс ықпалы бар екенін ескертті.

    «Бала кішкентайынан бастап «әскерде анау өлді», «мынау өлді» деген ақпаратты оқып өседі. Мұндай жағдайда ол патриот болып қалай қалыптасады?» – деді ол.

    Зайыттың айтуынша, Қорғаныс министрлігі патриоттық тәрбиемен айналыспауы керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →