Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды

    Мұстафа, Мұса, Хадия: Шымкентте үшем дүниеге келді

    Мұстафа, Мұса, Хадия: Шымкентте үшем дүниеге келді

    Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

    Шымкент қаласының тұрғыны Феруза Рахимованың үшемі шала туған. Соған қарамастан дәрігерлер сәбилерді дұрыс күтіп, үйлеріне аман-есен жіберді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы редакция тілшісіне Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

    Дереккөзге сүйенсек, дәрігерлер 24 жастағы келіншекті 31 аптасында босандырып алған. Үшемнің бастапқыдағы жағдайы ауыр болған, олар біраз уақыт аппараттың көмегімен тыныс алып, жан сақтау бөлімінде жатқан екен.

    «Дегенмен, білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосып, өздері еме бастады. Қазір анасы мен үшемдердің жағдайы жақсы. Қуанышқа кенелген  отбасы үшемге Мұстафа, Мұса, Хадия деп есім берген», — деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Жыл басынан бері Шымкентте 149 егіз бала туған

    Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері Шымкентте 12 648 сәби дүниеге келген, олардың ішінде 149 егіз және үш үшем бар екен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →