Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ішкі істер министрі Кәрім Мәсімовтың түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты

    Ішкі істер министрі Кәрім Мәсімовтың түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты

    Фото: dalanews.kz

    Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Министрдің айтуынша, қазір Кәрім Мәсімовтың денсаулығы, жағдайы жақсы.

    «Ол жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр. Оның жақындары айтқан барлық уәждер тексеріліп жатыр. Ресми түрде айтайын, оның жағдайы қалыпты», – деді Сәденов.

    Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →