Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты •

    «Кімнің немересі екенімді біле жүріңдер»: режиссер Айсұлтан Сейітов жазба жариялады

    «Кімнің немересі екенімді біле жүріңдер»: режиссер Айсұлтан Сейітов жазба жариялады

    Фото: instagram.com/aisultan

    Әлемдік деңгейде танылған қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітовтың отбасында қайғылы оқиға болғанын жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ол әлеуметтік желідегі парақшасында атасы Балтабек Қуандықовтың өмірден өткені туралы мәлімдеген.

    «Мен бұл өмірде бұрын-соңды өлімге мұншалықты жақын келмеппін. Енді сол сәт келіп жетті. Сенбі күні мен асқар тауым — Атамнан айырылдым. Ол мен үшін жай ғана отбасы мүшесі емес еді, мен өзімнің өмірлік ұстазымнан, жол көрсетуші жұлдызымнан айырылдым. Атам – қандай жағдай болса да арқа сүйер тірегім, ақылшым болды. Ол мені және менің таңдауымды ешқашан сынамай, шын жүректен қабылдайтын. Ол мен дүниеге келген сәттен бастап өмір жолыма бағыт берді. «Айсұлтан» деп мені өзі атады. Сондықтан бұл есімді мен әрдайым мақтанышпен көтеріп жүрмін. Қымбатты Ата, барлығы үшін алғыс айтамын. Сенсіз өмір сүріп үйрену маған өте қиын. Сен – ұлы адам едің, шын үлгі болатын тұлға болдың. Мендегі бар жақсы қасиеттер сенен дарыған. Мұндай Атаны тек армандауға ғана болатын шығар. Бәріңіз біліп жүріңіздер: мен — осындай атаның немересімін», — деп жазды режиссер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →