Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді •

    Қауіпсіздік белдігін тақпаған полицей күліп құтылды (ВИДЕО)

    Қауіпсіздік белдігін тақпаған полицей күліп құтылды (ВИДЕО)

    Әлеуметтік желіде Бішкекте полиция қызметкерінің қауіпсіздік белдігін тақпаған сәттегі реакциясы қызу талқыланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық порталы.

    Видеоны жергілікті блогер Максим Золотых түсірген. Ол Қырғызстан мемлекеттік нөмірі бар көлікте белдіксіз отырған ішкі істер министрлігінің қызметкерін тосқауылдан өткен сәтте видеоға түсіріп алады.

    «Мені неге түсіріп отырсыз дейсіз бе? Сіз жол жүру ережесін бұзып отырсыз. Қандай екенін айтайын ба – белдікті тақпапсыз», – дейді блогер.

    Алғашында абдырап қалған полиция қызметкерінің көзқарасы мен әрекеті желі қолданушыларының назарына іліккен. Ол қауіпсіздік белдігін тақпағанын естігенде, мойнынан ауыр жүк түскендей, күліп жібереді.

    Бейнежазба астына түрлі пікірлер жазылған.

    «Бұл жақсы адамды кешірейік. Басқа бір мәселе бойынша түсіріп жатыр деп ойлады-ау. Белдік туралы айтқанда, көңілі жайланып қалды ғой. Бүкіл өмірі көз алдынан өтті-ау. Ойша не бүлдірдім деп бәрін ойлап шыққан шығар. Агрессивті емес, күліп таққаны ұнады», – деп жазды желі қолданушылары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →