Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп, алкоголь өндірген: ХҚКО қызметкерлері жалған құжат жасап келген

    Шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп, алкоголь өндірген: ХҚКО қызметкерлері жалған құжат жасап келген

    Алматы облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған Халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) үш қызметкері анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

    Polisia.kz хабарлағандай, Ішкі істер министрлігі аталған тұлғалар еңбек мигранттарын заңсыз тіркеу үшін жалған құжаттар рәсімдеген. Құқықбұзушылық олардың жеке бас пайдасы үшін жасалғаны айтылды.

    Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы («Жалған құжаттарды жасау және пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Бұл факт «Локалды тексерулер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметі комитеті мен аумақтық полиция бөлімшелерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде анықталған.

    Жаппай бұзушылықтар тіркелді

    Ресми мәліметке сәйкес, бес күн ішінде республика бойынша көші-қон заңнамасының 7 мыңнан астам бұзушылығы анықталған. Оның ішінде:

    * 2 500-ден астам шетелдік Қазақстанда болу мерзімін бұзған;
    * 862 адам рұқсатсыз жұмыс істеген;
    * 499 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған;
    * 3 000-нан астам азамат шетелдіктерді қабылдау туралы уәкілетті органдарға хабарламаған.

    Нәтижесінде, барлық құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 678 шетелдік ел аумағынан шығарылып, оларға Қазақстанға бес жылға кіруге тыйым салынды.

    Заңсыз еңбек еткен шетел азаматтары анықталды

    Қарағанды облысында алғаш рет Египет азаматтарының заңсыз еңбек қызметімен айналысқаны тіркелді. Құрылыс алаңында 14 адам рұқсатсыз жұмыс істеген.

    Сондай-ақ Алматы облысының Жамбыл ауданында Қытай Халық Республикасының 12 азаматы қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз өндірумен айналысқаны белгілі болды.

    Бұдан бөлек, Қарағанды облысында шетелдіктерді бірнеше рет заңсыз жұмысқа тарту бойынша үш жағдай анықталып, ҚР ҚК 395-бабы («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →