Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде

    Сарыағаштық оқушы әлемнің 40-қа жуық университетінен грантпен шақырту алды

    Сарыағаштық оқушы әлемнің 40-қа жуық университетінен грантпен шақырту алды

    Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді университетінен толық грантпен оқуға шақырту алды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ақжүніс – ауыл мектебінің мақтанышы

    Қапланбек ауыл округіндегі №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ақжүніс Асылханқызы бастауыш сыныптан бері үздік оқушылар қатарында. Ол түрлі пән олимпиадалары мен ғылыми жобаларға белсене қатысып, білім мен еңбекқорлықтың нәтижесін көрсетті.

    Халықаралық қатынастар – болашақ мамандығы

    Ақжүніс өз болашағын халықаралық қатынастар саласымен байланыстырады. Ол әлемдік білім мен тәжірибені меңгеріп, кейін еліне қызмет етуді мақсат етіп отыр.

    «Менің арманым – халықаралық деңгейдегі кәсіби дипломат болып, Қазақстанды әлемге таныту», – дейді Ақжүніс.

    5 елден 36 университеттің шақыртуы

    Оқушы қыз шетелге білім алу үшін құжаттарын мына елдерге тапсырған:

    • АҚШ – 17 университет

    • БАӘ (Дубай) – 5 университет

    • Түркия – 6 университет

    • Малайзия – 5 университет

    • Канада – 1 университет

    Барлығы Ақжүніске грантпен оқуға шақырту жіберген, ал Канада университеті оған президенттік стипендия да тағайындаған.

    ҰБТ-дан 111 балл жинады

    Ақжүніс тек шетелден ғана емес, Қазақстаннан да өз орнын дәлелдедіҰБТ-дан 111 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →