Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді •

    Бір адам жараланды: Алматыда атыс болды

    Бір адам жараланды: Алматыда атыс болды
    Алматыда травматикалық қарумен жасалған атыс оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам жараланды. Оқиға Алатау ауданындағы мекемелердің бірінде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 
    Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті — Жетісу облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан оқ атуға пайдаланылған травматикалық қару тәркіленген.
    «Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал бір-бірін танитын екі азаматтың арасында туындап, оның соңы атысқа ұласқан. Күдікті қарсыласының аяғына оқ атқан. Қазір оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», — деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
    Оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқылануда. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →