Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда • Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды • Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес • 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда • Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды • Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес • 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды •

    Министрлік мектеп бітіру кештеріне қатысты пікір білдірді

    Министрлік мектеп бітіру кештеріне қатысты пікір білдірді

    Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мектеп бітіру кештері кезіндегі рейдтік бақылау мәселелері туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Қандай да бір іс-шара мектеп ішінде не сыртында өтсе де, ең алдымен ата-аналар мен үлкендердің жауапкершілігі қажет. Бұл – балалардың амандығы үшін маңызды. Оқу жылының аяқталуы – ерекше сәт. Осы кезең оқушылар үшін мұғалімдерге, ата-аналарға және Отанына алғыс білдіру күні ретінде есте қалғаны дұрыс», – деді ол.

    Оның айтуынша, жауапкершілік тек мектеп әкімшілігіне немесе ұстаздарға ғана емес, ата-аналарға да бірдей жүктеледі.

    «Қазіргі таңда министрлік жергілікті басқару органдарымен бірлесіп әрекет етіп жатыр. Егер құқықбұзушылық фактілері бойынша нақты ақпарат түссе, заң аясында тиісті шаралар қабылданады. Жалпы, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ең бастысы — алдын алу», – деді Мереке Амангелдіқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →