Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Ұрпағыңды кешіре гөр»: Астанадағы парадқа соғыс ардагері кіре алмай кеткен (ВИДЕО)

    «Ұрпағыңды кешіре гөр»: Астанадағы парадқа соғыс ардагері кіре алмай кеткен (ВИДЕО)

    Күні кеше Астана қаласында өткен әскери парадқа соғыста еңбек еткен тыл ардагерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіргізбей қойған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    Бұл туралы әнші Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айуынша, осыдан бір жыл бұрын ардагерді такси күтіп тұрған жерінен үйіне апарып тастаған екен.

    «Достар, осыдан 2 жыл бұрын бір ардагер атаны көшеде такси күтіп тұрған жерінен кездестіріп, үйіне апарып тастаған едім. Өзі сондай ашық-жарқын, өте сыпайы кісі . Сол кезде 67 жыл бойы нейрохирург болып жұмыс істегенін айтқанда таң қалғанмын – нағыз еңбек адамы, нағыз батыр екен. Бүгін Instagram-да сол кісіні көріп қалдым. Өкінішке орай, парадқа кірмей қалғаны жүрегімді ауыртты… Осындай адамдарды ұмытпауымыз керек. Олар – еліміздің мақтанышы», — деп жазды ол.

    Видеода халықтың наразылық білдіріп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, желіде де бұл жайт үлкен резонанс тудырған.

    «Блогер сымақтарды кіргізгенше, осындай кісілерді неге кіргізбейді», «Жүрегім ауырып отыр ата үшін», «Атау, біздің елдің ұрпақтарын кешіре гөр», «Көзіме жас келіп тұр, ұят болды», «Мереке осы кісілердікі, өзі санаулы-ақ қалды ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Зарина Омарова (@zarina_omarova_official)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →