Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті Абай облысы полицейлері шетелдік туристерден алғыс алды Алматы полициясы 5 600 түсініктеме енгізіп, 278 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті Абай облысы полицейлері шетелдік туристерден алғыс алды Алматы полициясы 5 600 түсініктеме енгізіп, 278 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты

    Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала көз жұмды

    Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала көз жұмды

    Фото: instagram.com/krisp.tdk

    Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Орал қаласында электр тоғына түсіп, ауыр жарақат алған 9 жастағы бала қайтыс болды.

    Ведомствоның мәліметінше, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2 мамырға қараған түні көз жұмған. Ол аппаратқа қосылып, ауыр жағдайда жатып келген болатын. Дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

    БҚО Полиция департаменті аталған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    – Қылмыстық іс аясында барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қосымша ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, – деп хабарлады полициядан.

    Оқиға 30 сәуір күні Оралдағы электр подстанциясының маңында болған еді. Куәгерлердің айтуынша, бала подстанция төбесіне шығып, қалып қойған допты алып жерге тастаған. Төмен түсе бергенде тоққа түскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →