Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты •

    «Жанқоштың соққысынан кейін жетімдіктің дәмін таттым»: Әнару Құрманәлі сот процесі жалғасып жатқанын мәлімдеді

    «Жанқоштың соққысынан кейін жетімдіктің дәмін таттым»: Әнару Құрманәлі сот процесі жалғасып жатқанын мәлімдеді

    Танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева боксшыға қатысты тағы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ал енді менің тәрбиемнің басына келетін болсақ… Анам өте жақсы, адал, таза, ақылды адам… Оның қандай екенін бүкіл Қазақстан біледі. Анам бар өмірін жақсылыққа, адалдыққа, адамдарды өсіруге, дамытуға, көтеруге арнады… Анам үйден шығармай, 24/7 қарауында ұстады. Таза үйдің қызы болдым. Кішкентайымнан үйдің тірліктерін жасап, тамақ пісіріп, тіпті базарға 8-9 жасымнан бастап 5-10 келі азық-түлікті көтеріп, сауда жасайтын едім… Әр дайым Анамның жанындағы кішкентай қолғанаты болып өстім. Кейін 11-сынып бітіріп Алматыға оқуға түстім… Сол Алматыға бармауым керек еді. Мен Алматыға кеткеннен кейін 3і курсқа өтіп, оқуымды бастап жатырған уақытым болатын… Оралда қалып Анамның жанында болған кезімде Анам ауырмас еді. Қас-қағым сәтте 3-4 айдың ішінде 2016 жылы ауруы белгілі болып. Қанның қатерлі ісігі, лейкоз яғни (множественная миелома) диагнозына шалдығып, Анамнан 20 жасқа енді келген шағымда айрылып қалдым, — деді ол.

    Әнару Құрманәлі сот процесі жүріп жатқанын айтты. Анамнан айрылғаннан кейін Жанхошқа ұшырап жетімдіктің, бақытсыздықтың, әділетсіздіктің не екенін түсіндім. Ал енді іске келетін болсақ. Сот ісі әлі жүріп жатыр. Адвокаттарым өз ісін өте тиянақты, кәсіби түрде орындауда… Енді қалғаны Алланың еншісінде… Анамның әруағы қорғап келеді… Көрмеген азабым жоқ, соның барлығынан аман есен келе жатырғаным аппақ жүрегім мен Алланың, анамның қорғауында болғанымның белгісі деп білемін, — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →