Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты •

    Жас келіншектің мүрдесін жертөлеге жасырған: Шу ауруханасындағы шуға қатысты тергеу басталды

    Жас келіншектің мүрдесін жертөлеге жасырған: Шу ауруханасындағы шуға қатысты тергеу басталды

    Фото: Pixabay

    Шу көпсалалы аудандық орталық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Олардың айтуынша, 5 наурызда жүкті әйел 34-ші аптада ауруханаға жатқызылған. 9 наурызда жағдайы күрт нашарлап, комаға түсіп, 10 наурызда дәрігерлер құрсақтағы шетінеген нәрестені ота арқылы алған. Содан бері ол жансақтау бөлімінде жатқан. Кейіннен әйелін іздеген күйеуі оның денесін аурухананың техникалық бөлмелерінің бірінен тауып алған деген ақпарат тарады.

    Шу қалалық көпсалалы ауруханасының ресми мәліметінше, науқас 22 наурызда жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен қайтыс болған.

    «Ана өліміне байланысты тергеу басталды. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы арнайы жұмыс тобын құрды. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижелері кейін жарияланады», — деп хабарлады басқарма өкілдері.

    Сондай-ақ, Жамбыл облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 317-бабының 2 және 3-бөліктері бойынша (медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе өлімге әкелу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

    Қажетті сараптама жасау үшін мәйіт Тараз қаласына жіберілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →