Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ресейдің АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

    Ресейдің АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

    Фото: govoritmoskva.ru

    Бүгін Ресейдің АҚШ-тағы елшісі лауазымына Александр Дарчиевтің келгені белгілі болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы NDTV хабарламасына сілтеме жасап. 

    РФ президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысқа байланысты екіжақты қарым-қатынастың нашарлауынан өткен қазан айында Вашингтондағы бұрынғы арнайы өкілі Анатолий Антоновты шақыртып алған болатын.

    – Америкалық тарап Дарчиевті тағайындауға келісімі туралы ресми нота тапсырды, – деп хабарлады РФ СІМ.

    1992 жылдан бері Дарчиев Ресейде әртүрлі дипломатиялық лауазымда қызмет атқарды, соңғы уақытта Ресей Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік Америка департаментінің директоры болды.

    – Ол жақын арада Вашингтондағы қызмет орнына кетеді деп күтіліп отыр, – деп қоса кетті министрлік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →