Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды

    Нигерияда 17 бала тірідей өртеніп кеткен

    Нигерияда 17 бала тірідей өртеніп кеткен

    Нигерияның солтүстік-батысында түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей өртеніп кеткен, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

    Мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға Замфара штатының Каура Намода ауданында болған. Денесін күйік шалған тағы 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді.

    «Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Елдің Төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастады», — деп жазылған мәліметте.

    Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтқан. Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.

    «Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, «Өрт, өрт!» деп айғайлағанынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға атып шықтық. Мектептің төбесі өртке оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты», — деген мұғалім Халифа Абубакар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →