Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті

    Жақында Алматы облысында АЭС-ты салу бойынша тиісті келісімдерге қол қойылады – Бектенов

    Жақында Алматы облысында АЭС-ты салу бойынша тиісті келісімдерге қол қойылады – Бектенов

    Фото: istockphoto.com

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында электр энергиясының генерациясы туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today сайты.

    Үкімет басшысының сөзінше, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш жылу электр орталығын салу жобаларын іске асыру басталды. Олар 2032 жылға дейін кезең-кезеңмен іске қосылады.

    «Биыл 166 Мегаватт бу және гидрогенерация, сондай-ақ Жаңартылатын энергия көздері бойынша 10 нысанда 450 МВт қуат пайдалануға беріледі. Жел энергиясы станцияларының негізгі компоненттерін шығаратын зауыт құрылысы басталды. Батыс Қазақстанның электр желілерін бірыңғай энергия жүйесіне қосу бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада Алматы облысында бірінші атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын», — деді Олжас Бектенов. 

    Екінші және үшінші атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →