Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

    Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,41 теңгеге қымбаттады.

    Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 530,12 теңге.

    Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 531,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 532,5 теңге. Еуро 545 — 549 теңге аралығында құбылып тұр.

    Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

    Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10 — 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

    Ұлттық банктің 17 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 529,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 544,64.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →