Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды

    Капотқа шығып алған: Алматыда жартылай жалаңаш жұртқа тиіскен жігіт 15 күнге қамалды

    Капотқа шығып алған: Алматыда жартылай жалаңаш жұртқа тиіскен жігіт 15 күнге қамалды

    Фото: Видеодан скрин

    Алматы соты көшедегі көліктерге шабуыл жасаған жігітті жазалады. Ол сот үкімімен 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Осыған дейін әлеуметтік желіде киімін шешіп тастаған жігіт жолдың ортасында біреудің көлігінің капотын белбеуімен ұрған видео тараған болатын. Жүргізуші әумесерді көлігінің капотынан түсірмек болған. Алайда мас жігіт машинаны ұрғылауға көшкен.

    «102 пультіне Абылай хан көшесінде мас күйінде белгісіз ер адам көліктерге шабуылдап жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Патрульдік экипаж құқық бұзушыны ұстап, Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізді», — деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    28 жастағы жігіт алдымен ұсақ бұзақылық пен қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды. Кейін Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Оқиға 15 қаңтарда сағат 05:30-да Алматыда  болған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →