Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    «Күзет қойылды»: Ақтөбеде кепілде болған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

    «Күзет қойылды»: Ақтөбеде кепілде болған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

    Ақтөбеде кепілде болған әйел жансақтау бөлімінен стационарға ауыстырылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Телеарнаның хабарлауынша, әйелдің қауіпсіздігі үшін палатаға күзет қойылған, оған дәрігерлерге ғана кіруге рұқсат етілген. Науқас ауруханаға жабық бас-ми жарақатымен, ми шайқалу белгілерімен, бірнеше дене жарақатымен түсті.

    «Әйелдің жағдайы орташа ауыр, науқас толық есін жиған, адекватты, сұрақтарға жауап береді. Оған консервативті терапия тағайындалды, ол қазір бөлімшеде осы тағайындалған емді қабылдап жатыр, жағдайының орташа ауырлығына оқиғадан кейінгі психологиялық фактордың да әсері бар. Психологтармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз», — дейді нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Оражанов.

    Еске сала кетсек, 13 қаңтардан 14-іне қараған түні әлеуметтік желіде белгісіз біреу Ақтөбедегі үйлердің біріне кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, 13 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына адамдарды кепілге алу фактісі бойынша хабарлама түскенін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →