Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Қостанай облысында жүзге жуық мал басынан бруцеллез анықталды

    Қостанай облысында жүзге жуық мал басынан бруцеллез анықталды

    Қостанай облысының Амангелді ауданындағы бір шаруашылықта бруцеллез ауруының 95 жағдайы тіркелді. Ауру ошағы анықталғаннан кейін шаруашылыққа карантин енгізілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

    Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаевтың айтуынша, 823 мал басына зерттеу жүргізілген. Соның ішінде 95-і оң нәтиже көрсеткен. Зарарланған малдар уақытында тапсыруға жіберілген. Қазір қалған 826 бас малға ережеге сәйкес зерттеулер жалғастырылып жатыр.

    Зерттеулер қосымша екі рет жүргізілгеннен кейін ауру анықталған. Оқиға орнында республикалық эпизоотияға қарсы отряд жұмыс істеп жатыр. Әр 15-20 күн сайын малдан қан алынып зерттеледі. Екі рет теріс нәтиже алынған жағдайда ғана карантин алып тасталады.

    Аурудың таралуына себеп болған жағдайлар ретінде шаруашылық ішінде және жайылымда малдарды дұрыс бақыламау, сондай-ақ карантин шараларын уақытында қолданбау аталып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →