Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Астанада жаңа әуежай салынады: Президент Жолдауында көлік хабын нығайту міндеттерін атады • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Астанада жаңа әуежай салынады: Президент Жолдауында көлік хабын нығайту міндеттерін атады •

    Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертуді жоспарлап отыр

    Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертуді жоспарлап отыр

    Қазақстанда айырбастау пунктерінде валютаның сатып алу және сату курстары арасындағы жаңа шектеулер енгізілмек, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ұлттық банк «Айырбастау пунктерінде жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаны теңгеге сатып алу мен сату бағамы арасындағы ауытқулардың шектерін белгілеу туралы» қаулы жобасын дайындады. Жобаға сәйкес, айырбастау пунктерінде жүргізілетін операциялар бойынша доллар үшін ауытқу шегі 7 теңге, еуро үшін — 10 теңге деп ұсынылып отыр.

    «Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюталық нарықта спекулятивті әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығының қатысушыларының тәуекелдерін жабуға бағытталған. Бұл шектеулер қолма-қол емес валюталық операцияларға әсер етпейді», — деп хабарлады Ұлттық банк.

    Айта кетейік, бұрын сатып алу және сату курстарының ауытқу шегі доллар үшін 15 теңге, еуро үшін — 20 теңге болған. Сонымен қатар сатып алу бағамы мен сату бағамы арасындағы ауытқу, яғни айырбастау пункті үшін белгіленген шетелдік валютаның сатып алу және сату бірлігі арасындағы айырмашылық теңгемен анықталады.

    Фото: 7kun.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →