Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды •

    2030 жылға қарай Ұлттық қорға 100 млрд доллар жинау жоспарлануда

    ҚР Ұлттық банкі 2030 жылға дейін Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы дайындады. Жоба «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ұлттық банк дерегінше, тұжырымдама инвестициялық саясатты, Ұлттық қордағы активтерді басқарудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін айқындайды.

    «Тұжырымдамада активтерді стратегиялық аллокациялауды жүзеге асыру үшін қажетті Ұлттық қор қаражатын ұзақмерзімді инвестициялау қағидаты белгіленген. Бұл тәуекелді және қорғаныс активтер класын құрамдастырып қолдануға мүмкіндік береді.

    Ұлттық қордағы жинақ портфелінің үлесі келесідей бөлінеді: 60% — облигациялар, 30% — акциялар, 5% дейін балама құралдар және 5% дейін — алтын.

    Жаңаша бөлу облигациялар портфелін дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларына, корпоративтік облигацияларға және дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларына да әртараптандыруды көздейді», — деп жазылған құжатта.

    Сонымен қатар бекітілуі мүмкін тұжырымдама инвестициялық процестің негізі болмақ. Бұған қоса, ол Ұлттық қордағы активтерді басқару тиімділігінің көрсеткіштерін анықтайды.

    «Тұжырымдаманың мақсаты – Қазақстан Ұлттық банкінің ұзақмерзімді институционалдық инвестор ретіндегі мәртебесін растау үшін қажетті іргетасты нығайту және негіздерді бекіту. Тұжырымдаманы іске асыру, яғни, онда белгіленген шектеулерді, қағидаттар мен тәсілдерді сақтау 2030 жылға қарай 100 млрд доллар жинақтауға және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді», — деп түсіндірме берілген тұжырымдамаға.

    Құжат негізінде инвестициялық портфельді әртараптандыру, қорғаныс стратегиясы мен ESG қолданудың басымдықтарын айқындау міндеті қойылған. Тиісінше, аталған бағыттар бойынша қолға алынатын істер Ұлттық қордың кірістілігін арттырады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →