Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Прокуратура Шерзат Болаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

    Прокуратура Шерзат Болаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

    Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Прокуратураның мәліметінше, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.

    «Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу және Нұрғанат Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

    Алматы облысының прокуратурасы қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.

    Сондай-ақ уәкілетті органдардың ресми мәлімдемелеріне ғана сенген жөн екенін еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →