Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО элеваторында екі жұмысшы механизмнен жарақат алды Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды Атыраудағы кісі өлтіру ісі бойынша үкім заңды күшіне енді Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады СҚО элеваторында екі жұмысшы механизмнен жарақат алды Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды Атыраудағы кісі өлтіру ісі бойынша үкім заңды күшіне енді Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады

    «Сүйіктім, несие алшы»: Өскемен тұрғынын жігіті алдап кеткен

    «Сүйіктім, несие алшы»: Өскемен тұрғынын жігіті алдап кеткен

    Өскеменде әйел адамды бұрынғы сүйіктісі несиеге «отырғызып» кетті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Полицияның мәліметінше, ол 10 млн теңге несие алдырған. Алаяқтық туралы өтінішпен облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны жүгінген.

    Әйел адамның айтуынша, бұрын бірге тұрған жігіті түрлі сылтаумен бірнеше рет ақша сұрап, оны белгіленген мерзімде қайтаруға уәде берген. Ал сұраныстарының сомасы үнемі өсіп отырған. Оған көмектесу үшін жәбірленуші өз атына банктерден бірнеше несие рәсімдеген. Нәтижесінде жалпы шығын шамамен 10 млн теңгені құрады.

    Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұрын да ұқсас қылмыстар үшін сотталғаны анықталды. Полиция азаматтарға жақындарынан немесе таныстарынан өтініштер келіп түссе де, ақшаны беру кезінде мұқият және сақ болуды ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →