Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    «Шамадан тыс шығын»: Оңтүстікте той өткізудің ережелері бекітілмек

    «Шамадан тыс шығын»: Оңтүстікте той өткізудің ережелері бекітілмек

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтен той өткізудің ережелерін бекіту жайлы сұраған. Оның айтуынша, той мәдениетін қалыптастыру ұсынысы облыс ақсақалдарынан түскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Журналистер орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында аталған шараның тойдағы жөнсіз шығындардың алдын ала алатынын сұрап көрген.

    «Жақында сараптама жүргіздік. Тараз бен аудан орталықтарын алып қарасақ, жұма, сенбі мен жексенбі күндері тойға 300-ге жуық адам келеді. Мұны той санына көбейтсек, демалыста әр күні тойға 20-25 мың адам қатысады. Сондықтан біз той жүргізушілері – асабаларды жинадық. Сосын олармен бірге арнайы ережелер, кодекс дайындадық. Әкімдік тарапынан, ішкі саясатқа жауапты менің орынбасарым бұл іспен айналысады», – деді Қарашөкеев.

    Жамбыл облысының әкімі ата-аналар тойға жұмсалатын шығындарды жинап, жастарды қолдауға жұмсай алар еді дейді.

    «Меніңше, ата-аналар бұл қаржыны жинап, жастарға көмектессе, жақсы болар еді. Мұнда шамадан тыс шығындалмау үшін белгілі стандарттар керек. Бұл мерекелік шараларды өткізу барысында тәртіп бұзушылыққа жол бермеу қажет. Бұл асабалармен бірге істелетін жұмыс», – деді облыс әкімі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →