Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға кетпек

    АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға кетпек

    Дэниел Розенблюм 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым», – деп атап өтті елші Розенблюм.

    Елші Розенблюмнің айтуынша, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, сауда, инвестиция, халықтар арасындағы байланыс, университеттер серіктестігі мен қауіпсіздік салаларында айтарлықтай табыстарға қол жетті. Ол Қазақстандағы миссия командасымен бірге тығыз жұмыс істеп, дипломатиялық байланыстарды нығайтып, өзара түсіністікті арттыруға және екі елдің ортақ мүдделерін дамытуға үлес қосқанын айрықша атап өтті.

    Жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсон уақытша елші қызметін атқарады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →